06 наурыз 2014 13:57

Мальтада Рахат Әлиевтің активтері тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рахат Әлиев. ©Оe24.at Рахат Әлиев. ©Оe24.at

Мальтада ақшаның ізін жасырды деген айыптауларға байланысты Рахат Әлиевтің активтері тоқтатылды деп жазады Malta Today. Есепшоттарды тоқтатуға елдің қылмыстық соты берген ордер оның оффшорлық компаниялары мен қазіргі әйелі Эльнара Шоразға да қатысты. Соттың шешімімен Рахат Әлиев, оның зайыбы және аталған фирмалар кез келген жылжитын және жылжымайтын мүліктерін үшінші тұлғаларға сата алмайтын болды. Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісінің ісі бойынша берілген ордерге сай яхталарды брондау жүйесіндегі әлемнің ең ірі компаниясы - Olympic Yachting Limited-тің есепшоттары тоқтатылып отыр. Бұған қоса, Әлиевтің Сент-Джулианс қаласында орналасқан Bongu Media Malta және Malta Press Agency медиакомпаниялармен байланысы бары анықталды. Malta Press Agency - бұған дейін Германияда ақша жылыстату дерегі бойынша көзге түскен компания. Оның қожайыны - Венадағы AV Maximus Holding AG компаниясының директоры Лилия Рахматуллина. Ал Bongu Media Malta Кэтлин Народецкаяға тиесілі. Ол - кезінде Украинада "Азаттық радиосының" директоры болған журналист Александр Народецкийдің әйелі. Мальта соты берген ордер AJ Trust, Sydney Trust, Athina Trust of Malta, Acquarius Trust Company Limited, Aurelius Holdings Limited, EDS Holdings Ltds және Crimson Limited аталатын кәсіпорындардың есепшоттарын да тоқтатып отыр. Еске сала кетейік, 2013 жылдың маусым айында Мальта соты Рахат Әлиевтің мүлкін тұтқындап, есепшоттарын тоқтатқан еді. Бұған Германиядан Әлиевке қатысты ақша жылыстату дерегі бойынша тергеу жүргізу туралы арыздың түсуі себеп болды. Рахат Әлиев 2010 жылы Германияны тастап, Мальтаға қоныс аударған болатын, Германияда ол аталған дерек бойынша жиі тергелген еді. Экс-елші Қазақстанда отанын сатқаны, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені, адам ұрлағаны және басқа да аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сырттай сотталған. Ол 2007 жылдан бері шетелде бой тасалап жүр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети