10 ақпан 2014 19:38

Мұхтар Әблязов Франциядан саяси баспана сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязов. ©Ярослав Радловский Мұхтар Әблязов. ©Ярослав Радловский

БТА банкінің экс-жетекшісі Мұхтар Әблязов Франциядан саяси баспана сұрайды, деп хабарлайды ресейлік НТВ телеарнасы. Қашқын банкирді Франциядан экстрадициялау туралы шешімді Экс-ан-Прованс қаласының соты шығарған. Мұхтар Әблязовтың адвокаты Марк Фейгиннің айтуына қарағанда қазақстандық банкир Франция билігінен саяси баспананы жергілікті сот оны француз жерінен экстрадициялау туралы шешімін жойғанда ғана сұрайтынын мәлім етті. Миллиардердің адвокаты экс-банкирдің бұған дейін Ұлыбританиядан да саяси баспана сұрағанын және оның өтініші қанағаттандырылғанын еске салды. Алайда Мұхтар Әблязов ағылшын сотына құрмет көрсетпеді деген айыппен 22 айға бас бостандығынан айырылғандықтан ол елден кетуге мәжбүр болған. Бұған дейін белгілі болғанындай Мұхтар Әблязовтың адвокаттары француз сотының оны Ресейге немесе Украинаға экстрадициялауға байланысты шығарған шешімге сәйкес екі рет апелляция берген болатын. "Дүйсенбі күні біз екі мәрте апелляция бердік және жаз басталғанға дейін біздің өтінішіміз қанағаттандырылады деген ойдамыз", - деді адвокат Бруно Ребсток. Қашқын банкирді Франциядан эсктрадициялау туралы сот шешімі 2014 жылы қаңтардың 9-ы күні ғана шыққан. Естеріңізге саламыз, Мұхтар Әблязов 2013 жылы маусым айында Францияның Ривьере қаласында қолға түскен болатын. Қазақстандық банкирге бірнеше миллиард долларды жымқырды деген айып тағылып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети