16 сәуір 2014 20:17

Ұлыбритания Әблязовты босқын мәртебесінен айырмақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания билігі БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовты босқын мәртебесінен айыруға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Financial Times. Қашқын банкирге 2011 жылы саяси пана берілген болатын.


Ұлыбритания билігі БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовты босқын мәртебесінен айыруға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Financial Times. Қашқын банкирге 2011 жылы саяси пана берілген болатын.

Әблязовтың адвокаттары Ұлыбритания шешімі босқындар мүддесін қорғайтын халықаралық құқық қағидаларына қайшы келетінін мәлімдеп үлгерді. "Әблязов мырзаға 2011 жылы босқын мәртебесі заңды түрде ұсынылғаннан кейін Ұлыбритания қазіргі уақытта жалған ақпараттың құрбаны болып отырған сияқты. Қабылданған шешім заңсыз әрі негізсіз, оның үстіне, Ұлыбритания билігі мәселенің мән-жайын жария етпей отыр", - дейді адвокат Питер Салас. 

Еске салайық, Әблязов 2013 жылдың 31 шілдесінде Францияда ұсталған еді. Оны экстрадициялауға бірден үш ел талпыныс білдірді, бірақ Қазақстан мен Франция арасында бұл туралы келісім жоқ. Сол себепті экс-банкирді Ресейге немесе Украинаға беру мүмкіндігі қаралды. Франция соты Әблязовты Ресейге экстрадициялауға келісім берді, дегенмен биыл сәуір айының басында сот ұйымдастырудағы қателікке байланысты бұл шешімді тоқтатты.

Қазақстанда Әблязов БТА банкінің 6 млрд доллардан астам қаржысын жымқырды және басқа да қаржылық қитұрқылық жасады деп айыпталып отыр. Оған мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети