25 қазан 2015 00:06

20 жастағы жігіт Тараздың орталығында өзін-өзі өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yvision.kz © yvision.kz

20 жастағы жігіт Тараздың орталығында өзін-өзі өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


20 жастағы жігіт Тараздың орталығында өзін-өзі өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 24 қазан күні сағат 10:30 шамасында Тараз қаласының орталық алаңында болған. Күю салдарынан жігіт қалалық ауруханада қайтыс болды. Өртеу алдында ол қалыптасқан жағдайға полиция қызметкерінің кінәлі екенін хабарлады.

"Осыған байланысты болған мән-жайларды жан-жақты анықтау мақсатында осы факт бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 362-бабы (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Объективтiлiктi қамтамасыз ету үшін қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорына тапсырылды. Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бақылауында тұр", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети