23 қыркүйек 2016 12:21

4 адам қаза болған жол апатынан қашып кеткен жүргізуші көлігін гаражда жасырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Территория происшествий" бағдарламасы "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі жантүршігерлік жол апатына қатысы бар делінген Lexus жүргізушісін бір жарым сағаттан соң ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі жантүршігерлік жол апатына қатысы бар делінген Lexus жүргізушісін бір жарым сағаттан соң ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметінің Анықтау бөліміндегілер Lexus автокөлігінің жүргізушісін іздестіруге арналаған жедел шараларының жай-жапсарын айтып берді. 

Lexus жүргізушісі бір жарым сағаттан соң ұсталған. "Оқиға орнын мұқият қарап шығу барысында Lexus маркалы көліктің қалдықтары табылған. Бастапқы тексеру нәтижелері бойынша және жаңа технологияларды пайдалану арқылы жол апаты болған жерден қашып кеткен көліктің қандай екенін анықтадық. Жүргізуші 1996 жылы туған, Алматының Түрксіб ауданында орналасқан өз үйінен ұсталды. Ол көлікті гаражға тығып қойған. Қазіргі уақытта көлік сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының материалдарына заттай айғақ ретінде қосылған. Іс бойынша арнайы сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы қалалық ІІД-нің Жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

Жол-көлік оқиғасы өткен түнде сағат 23.15-те Рысқұлов даңғылының бойында болған. "Полицейлер BMW көлігінің батысқа қарай жүріп бара жатқанын, ал жаяу жүргіншілердің жолды оңтүстікке қарай кесіп өтпекші болғанын анықтады. Оқиғаның салдарынан екі әйел мен екі ер адам зардап шекті. Олар алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты

Полициядағылардың мәліметінше, жаяу жүргіншілердің бірі соққыдан даңғылдың қарсы бағытындағы жолаққа ұшып кетіп, Lexus көлігінің астына түскен. Бұл көліктің жүргізушісі оқиға орнынан із жасырған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети