04 тамыз 2014 10:53

50 тонна дизель отынын Ресейге заңсыз шығармақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ҰҚК ШҚ ©ҚР ҰҚК ШҚ

Қазақстандық шекарашылар қазақ-орыс шекарасында тағы да дизель отыны контрабандасының жолын кесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандық шекарашылар қазақ-орыс шекарасында тағы да дизель отыны контрабандасының жолын кесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

"Аят (автомобильдік) өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары (Қостанай облысы) шекаралық бақылау кезінде екі Ford Cargo автомашинасымен Қазақстаннан Ресейге 50 тонна дизель отынын заңсыз жолмен шығармақ болған Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады", - делінген хабарламада.

Ресейліктердің құжаттарын қарау кезінде аталған жүктің атына заты сай болмай шықты – құжаттарда көлікке тиелген жүктің пешке жағатын отын екені көрсетілген. Ұсталған жүк Қостанай облысының қаржы полициясына берілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, өткен аптада қазақстандық шекарашылар еліміздің мемлекеттік шекарасы арқылы 25 тонна дизель отынын, 28 тонна шикі мұнай мен 40 тонна жанармайды заңсыз өткізбек болғандардың жолын кескен еді. Ресейдің 54 жастағы азаматы құжаттарға "пеш отынын" тасымалдап бара жатқанын көрсеткенімен, тиеп алған жүгі 25 тонна дизель отыны болып шықты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети