52 адам тірідей жанып кеткен автобус: Сот отырысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

52 адам тірідей жанып кеткен автобус: Сот отырысы басталды

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотында Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустың өртеніп кету дерегі бойынша сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотында Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустың өртеніп кету дерегі бойынша сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушылардың адвокаттары соттың қылмыс болған жер - Ырғызда емес, Ақтөбеде өтуі жайлы өтініш айтқан болатын. Бүгін осы іс бойынша алдын ала сот отырысы өтті.

"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 314-бабының 2-бөлігіне сәйкес, тергеу аяқталған соң іс сотқа жолданды. Қылмыстық құқық бұзушылық бойынша іс Ырғыз ауданында басталды, бірақ тергеу жұмыстары Ақтөбеде аяқталды. Сондықтан қылмыстық іс Ақтөбе қалалық сотында қаралуы тиіс", - деді адвокат Нұржамал Ажиғалиева. 

Қалған адвокаттар да оның өтінішін қолдады. 

Еске салайық, биыл қаңтар айында Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуретер жарияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети