Land Cruiser жүргізушісі әл-Фараби даңғылында ірі апат жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Land Cruiser жүргізушісі әл-Фараби даңғылында ірі апат жасады © "Территория происшествий"

Алматыда 8 қаңтарға қараған түні әл-Фараби - Жароков жол айырығында ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 8 қаңтарға қараған түні әл-Фараби - Жароков жол айырығында ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser 200 автокөлігі әл-Фарабимен батысқа қарай кетіп бара жатқан. Оның жүргізушісі алдымен BMW седанды соғып, сол жақтағы ең шеткі жолаққа ұшып кетті, ол жерде Mazda жеңіл автокөлігімен соқтығысты.

Осыдан кейін Land Cruiser жолдағы қоршаулар мен көшедегі жарықтандыру бағаналарына соғылып, аударылып қалған. Автокөліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.


© "Территория происшествий"

Facebook қолданушысы Андрей Андреев өз парақшасында оқиғаның суреттері мен видеосын жариялады. Оның айтуынша, автокөліктің артқы орындығында "жолполдың желеткесі", ал еденінде "камералардың тізімі жазылған құжаттар шашылып жатыпты".

"Барлығы да болжам, нақты демей-ақ қояйын, өздеріңіз білесіздер, кейін бір нәрсе өзгеріп жатса кінәлі болғым келмейді", - деп жазды ол.


© facebook/Андрей Андреев

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети