04 наурыз 2015 09:32

Ақмола облысында бір әйел мен 12 жастағы бала өрттен қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Астана ТЖД баспасөз қызметі ©Астана ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысында тұрғын үйде болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақмола облысында тұрғын үйде болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше оқиға 3 наурыз күні сағат 05.41-де болды. Щучинск қаласында екі пәтерлі бірқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Жалын 80 шаршы метр ауданды шарпыды. Өрт орнынан екі мәйіт табылды - 1974 жылы туған әйел мен 2003 жылы туған ер бала. 

"Төрт адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сағат 06.46-да сөндіріліп, 07.03-те залалсыздандырылды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. Өртті сөндіруге жеке құрамның 13 маманы мен "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ төрт техникасы жұмылдырылды. Айта кетейік, өткен тәулікте өңірдің өртсөндірушілері барлығы үш оқиғаға шақырылған. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада өрт салдарынан алты жасар баланың қайтыс болғаны хабарланған еді. Екіқабатты тұрғын үй ғимаратының төменгі қабатындағы бөлмеаралық қалқалардың 15 шаршы метрі өртенген. Куәгерлердің айтуымен ғимараттың төменгі қабатында сол үйде тұратын баланың бар екені анықталды. "Өртсөндірушілер баланы іздеуге бірден кірісті, іздестіру жұмыстарының нәтижесінде төменгі қабаттағы дәретханадан тұншықтырғыш газдан уланып қайтыс болған 2009 жылғы баланың денесі табылды", - деп хабарлады Астана ТЖД қызметкерлері. Өртті сөндіруге бес техника мен 16 адам жұмылдырылды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети