29 мамыр 2015 11:47

Ақмола облысында жүк көлігі мен БТР соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Tengrinews.kz Иллюстрация © Tengrinews.kz

Ақмола облысында Shacman маркалы жүк көлігі мен БТР соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өңірлік ІІД баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, жолдың қарсы бағытында жүріп бара жатқан автомобиль әскери көлікке соғылған.


Ақмола облысында Shacman маркалы жүк көлігі мен БТР соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өңірлік ІІД баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, жолдың қарсы бағытында жүріп бара жатқан автомобиль әскери көлікке соғылған.

Оқиға жайлы 29 мамырда сағат 8.50-де мәлім болды. "Аршалы аудандық ІІБ кезекші бөліміне телефон хабарламасы келіп түсті, онда Екатеринбург-Алматы тас жолының 1288-шақырымында, Жібек жолы ауылының маңында ОҚО-ның 1983 жылғы тұрғыны басқарған Shacman көлігі Астанаға қарай бет алып бара жатып, жолдың қарсы бағытына шығып, Ұлттық ұланның БТР-імен соқтығысқаны айтылған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Жол апатының салдарынан зардап шеккен төрт әскери қызметкер Астананың бірінші қалалық ауруханасына жеткізілді.

ҚР Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік басқармасының баспасөз хатшысы Қанат Достың хабарлауынша, БТР Астананың 6636 әскери бөлімінен бөлек орналасқан Аршалыдағы ротаға қарай кетіп бара жатқан. Жол апаты Аршалыдан 30 шақырым жерде болды. "Колонна кетіп бара жатқан. Алдындағылар дабылды қосып жүрді. Колоннада сегіз әскери көлік болған, арасында БТР бар. Қарсы бағытта келе жатқан көліктер оң жаққа қарай тоқтап, тұрулары тиіс. Жолдың қарсы бағытында жеңіл автокөлік келе жатты, оның артында Shachman. "Жигули" тоқтады, ал жүк көлігі оны басып кетпеу үшін қарсы бағытқа шығып кетті. Соның салдарынан БТР-дің бүйіріне соғылды", - деді ол. Ұлттық ұлан өкілінің айтуынша, зардап шеккен әскери қызметкерлер түрлі жарақат алған. Ал жүк көлігі мен "Жигули" жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети