28 қазан 2014 15:51

Ақмола облысында қорық қызметкері жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қызметкері жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі өңірдегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақмола облысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қызметкері жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі өңірдегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлер 26 қазанда Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері Александр Мегиннің қорық аумағына "УАЗ" қызметтік көлігімен Сұлтанкелді көліндегі қайығын алып кету үшін келгенін анықтады. 27 қазанда қорық қызметкерлері Сұлтанкелді көлінің шығыс жағалауы аймағында Мегин жүргізген қызметтік көлікті табады. Бірақ қызметкердің өзі мен оның қайығы жоқ болып шықты.

"Автокөлікті тексеру кезінде көлік салонының тәртібі бұзылмағаны анықталды, қандай да бір бүліну ізі және айғақты зат табылмады. Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен мемлекеттік табиғи қорық қызметкерлері, төтенше жағдайлар бөлімі мен Мегиннің отбасы мүшелерінен тұратын іздеу топтары құрылып, Сұлтанкелді көлінің жағалауын, жағалаудағы қамысты алқаптарды шарлап шығу жұмыстары жүргізілді", - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Қазіргі уақытта іздеу шаралары жалғасып жатыр. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері Александр Мегинді іздеуге полицияның 100-ден астам қызметкері жұмылған. Әуеден және су астынан іздеу жұмыстарына әуе күштері мен сүңгуірлер тартылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети