Ақсайдың іргесінде жаппай төбелес болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақсайдың іргесінде жаппай төбелес болды Times kz-дің YouTube-дегі видеосының кадры

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласының іргесінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД Тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласының іргесінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД Тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 31 мамыр күні болған. Шыңғырлау өзенінің жағасында "Ақсай радиосының" 10 жылдығына арналған жеке шара өтті. Оның соңында би кеші ұйымдастырылған. Бір кезде би алаңына жеңіл машина келеді, одан шыққан белгісіз біреулер биге араласады.

Ұйымдастырушылар шақырылмаған қонақтарға автокөлікті би алаңынан алып кетуді ескертеді. Жігіттер мұны кемсіту деп қабылдап, төбелес шығарады. Оқиға орнына келген полицейлер бұзақыларды Бөрілі аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандар тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен, бірақ полицейлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

Ақсайдағы жаппай төбелес (авторы Times kz). Роликте бейәдеп сөздер бар екенін ескертеміз. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети