01 тамыз 2014 19:50

АҚШ-та қайтыс болған студенттің денесін әкелуге көмек беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрлігі. ©Тұрар Қазанғапов ҚР Сыртқы істер министрлігі. ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан қазақстандық студенттің денесін елге әкелуге көмектеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан қазақстандық студенттің денесін елге әкелуге көмектеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігі 31 шілдеде Американың Массачусетс штатында жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған 1993 жылғы алматылық Елнұр Самарханның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. "ҚР Нью-Йорктегі бас консулдығы марқұмның туыстарымен байланыс жасап отыр және қазір оның денесін Қазақстанға әкелумен айналысуда. Алдын ала мәлімет бойынша, Елнұр Самарханның денесін тасымалдау үш күннен бес күнге дейін созылады", - делінген хабарламада.

Қазақстандық студентті 31 шілдеде көлік қағып кетті. 21 жастағы Елнұр Самархан кешкісін тас жолда велосипедпен келе жатқан. Сол кезде жолға шыға келген автокөлік студентті басып кетеді. Көлік студентті алдыңғы әйнегімен соққан. Самархан ауруханада қайтыс болды. Америкалық басылымдардың хабарлауынша, көліктің рулінде әйел адам болған, оған әзірше айып тағылған жоқ. Психологиялық шок алған ол да ауруханаға жатқызылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети