09 шілде 2021 09:34

Ақсуда өзіне қол жұмсаған полицейдің туыстары оқиғаның мән-жайын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Ақсуда 5 шілдеде асылып қайтыс болған полицейдің туыстары болған оқиғаның мән-жайын айтты. Полицей полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары майор Аспандияр Айтқазин. Оның туған-туыстары мұндай жағдайға жеткізген басшылық екеніне сенімді. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан істі жеке бақылауына алуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақсуда 5 шілдеде асылып қайтыс болған полицейдің туыстары болған оқиғаның мән-жайын айтты. Полицей полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары майор Аспандияр Айтқазин. Оның туған-туыстары мұндай жағдайға жеткізген басшылық екеніне сенімді. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан істі жеке бақылауына алуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайтыс болған 40 жастағы полицейдің зайыбы Мейрамгүл Айтқазина Мемлекет басшысына бейнеүндеу жазып, жұбайы Ақсу полиция бөлімінің көлікжайында асылып қалғанын айтты.

"2021 жылдың басынан бері жұбайым Ақсу қалалық полиция бөлімі басшыларынан, сондай-ақ Павлодар облысы полиция департаментінің басшылығы мен орынбасарлары тарапынан үнемі қысым көріп, қорлықтарына шыдап жүрді", - деді әйел.

Сондай-ақ, ол күйеуі өзіне қол салмас бұрын ұялы телефонына бейнеүндеу жазғанын, онда Павлодар облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының басшысын өз өліміне кінәлауды сұрағанын және оның аты-жөнін атағанын айтты.

Полицейдің туыстары бейнежазбаны жойып жіберуі мүмкін деп қорқады.

"Өлер алдында жазған видеосында Аспандияр оған қауіп төніп тұрғанын және өзіне бірдеңе болса, өліміне Полиция басқармасының басшысы кінәлі екенін айтты. Мен ол видеоны өзім көрдім, бірақ бізге көшірме жасауға рұқсат берілмеді. Біз видео жойылып, іс тоқтатылады, ал кінәлі тұлғалар лайықты жазаға тартылмайды деп қорқамыз. Сондықтан ел Президенті Аспандиярды өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегі бойынша істі жеке бақылауға алып, тергеуді арнайы прокуратураға тапсыруын сұраймыз", - деді полицейдің туысы Әсемгүл Смағұлова.

Айта кетейік, Аспандияр Айтқазинның қаза тапқаны туралы хабар әлеуметтік желілерде жарияланып, оны Павлодар облысы Қалқаман кентінің полиция бөлімінің инспекторы деп атаған болатын.

Марқұмның туыстары бұл қателік емес екенін жоққа шығармайды.

"Аспандияр демалысқа шыққан бірінші күні қайтыс болды. Бірақ қандай да бір бұйрық болған. Қалқаманда ол ешқашан жұмыс істемеді. Менің ойымша, оған қысым жасалды, ол солай бұйрық жазуға мәжбүр болды. Мүмкін, мұның бәрі осы жағдайға әкелген шығар. Ол қызметте 20 жылдан аса уақыт жұмыс істеді және барлық 24 сағаттын жұмыста өткізетін. Таңертеңнен кешке дейін өз міндеттерін жауапкершілікпен және адал атқарды, біз оны үйде көрмейтін едік", - дейді туысы.

Павлодар облысы полиция департаменті қаза тапқан полиейдің аты-жөнін және лауазымын жасырып, өзіне-өзі қол жұмсау ісін тергеу әлі аяқталмағанына сілтеме жасап түсінік бермеген.

"Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", - деп жауап берді Tengrinews.kz тілшісінің сауалына облыстық полиция департаменті өкілі.

Марқұмның артында жұбайы мен үш кәмелетке толмаған баласы қалды.

Айта кетейік, майор Аспандияр Айтқазин 5 шілдеде Ақсу қаласында асылып өлгені хабарланған болатын. Полиция ер адамның өзін-өзі өлтіргенін хабарлады. Оқиға бойынша "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша соталды тергеу басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети