Ақтау әкімдігінде күзетші әйел жұмыс орнында атылып өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау әкімдігінде күзетші әйел жұмыс орнында атылып өлді © Yvision.kz

Ақтау әкімдігі күзетінің қызметкері жұмыс орнында өзін-өзі атып өлтірді. Бұл туралы "Тумба" порталы қаланың криминалдық полициясындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау әкімдігі күзетінің қызметкері жұмыс орнында өзін-өзі атып өлтірді. Бұл туралы "Тумба" порталы қаланың криминалдық полициясындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Дереккөздің мәліметінше, қайғылы оқиға өткен демалыс күндері болды. Күзетші әйел өз-өзіне қол жұмсаған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз табель қаруынан атылып өлген. 

Оның бұл іске не себепті барғанын тергеушілер анықтап жатыр. Расталмаған мәліметтер бойынша, қаза тапқан қыз онкологиялық аурумен ауырған. Оқиғаның мән-жайы айтылмай отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course down  604.47  course down  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети