29 сәуір 2015 16:53

Ақтауда 2 бөтелке виски ұрлаған ер адамға жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© provolyn.com  © provolyn.com

Ақтауда 2 бөтелке виски ұрлаған ер адамға жаза кесілді, - деп хабарлайды "Тумба.kz". 


Ақтауда 2 бөтелке виски ұрлаған ер адамға жаза кесілді, - деп хабарлайды "Тумба.kz". 

Порталдың мәліметінше, Ақтау қалалық соты ішімдік ұрлаған азаматтың үстінен қозғалған қылмыстық істі қарап, оны ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы 2-бөлігі бойынша айыпты деп таныды. Сот үкіміне сәйкес, енді ол 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегілетін болды.

"Күндізгі уақытта Ақтау қаласындағы 22-ықшамауданда орналасқан "Лидер" супермаркетіне кірген ер адам сөреде тұрған бір бөтелке вискиді ұрлап кеткен. Jаck Daniels вискиінің құны - 9 200 теңге. Дәл сол күні кешке ер адам супермаркетке қайтадан кіріп тағы бір Jаck Daniels вискиін ұрлады, оның бағасы - 5 350 теңге", - делінген қалалық соттың хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында қорап-қорап шоколад ұрлаған екі жігіттің ұсталғаны хабарланған болатын. 9 ақпанда Мақтаарал аудандық ішкі істер бөліміне Жетісай қаласының 32 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында күндізгі уақытта қаладағы базарлардың бірінде орналасқан сауда қоймасынан белгісіз біреулердің қорапқа салынған 29 мыңнан астам Albeni шоколадын ұрлап кеткенін айтты. Оның айтуынша, жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден астам шығын келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети