21 қараша 2016 12:53

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдіктінің бауыры неден қайтыс болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдіктінің бауырының мәйіті пәтерден табылды. Оның денесінде ешбір зорлық белгілері болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдіктінің бауырының мәйіті пәтерден табылды. Оның денесінде ешбір зорлық белгілері болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтауда 16 қарашада шамамен сағат 16:00-де 26-шы ықшамаудандағы пәтерден алты жасар қызды зорлады деген күдіктінің 1979 жылы дүниеге келген бауырының мәйіті табылды. Денесінде зорлық белгілері болмаған. Полицейлер пәтерге Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің көмегімен кірген. Себебі пәтердің есігі мен терезелері іштен де, сырттан да жабық тұрған. Пәтердің іші шашылмаған, үстел үстінен алкогольді ішімдіктің бірнеше бөтелкесі табылды. Көршілердің айтуынша, қаза тапқан адам соңғы кездері ішімдікке салынып жүрген", - деп хабарлады полицейлер.

Олардың айтуынша, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқан адамнан алынған қаннан 3,5 промилле алкоголь табылған. Бұл ауыр деңгейдегі мастық болып саналады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 19 қарашада Ақтауда алты жасар қызды зорлады деген күдіктінің қамау мерзімі ұзартылған болатын. 18 қарашада тергеу судьясы күдіктінің қамау мерзімін тағы бір айға созу туралы шешім шығарды.

Еске салайық, алты жасар қызға қатысты жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Сонымен қатар, осы дерекке қатысты "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети