14 маусым 2015 23:50

Ақтауда автомобиль жоғары жылдамдықта екі баланы қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Видео кадры ©Видео кадры

Ақтауда автомобиль жоғары жылдамдықпен келе жатып, жаяу жүргінші жолында екі баланы қағып кетті, - деп хабарлайды "Тумба.kz". Оқиға жұма күні, 12 маусымда шамамен 11.30-да болды. Екі баланың бірі 10 жаста, ал екіншісі одан сәл кіші. Олар жаяу жүргінші жолында өткісі келген кезде Chevrolet Niva автомобилі келесі қатарда жылдамдықпен келе жатып, соғып кетеді. Куәгерлердің айтуынша, соққының күшті болғаны соншалықты, балалардың бірі 20 метрге дейін ұшып кеткен.

Абырой болғанда, дәл осы жолмен жедел жәрдем көлігі келе жатқан. Олар балаларды ауруханаға жеткізеді. Балалардың біреуінің жарақаты ауыр - бассүйек ми жарақаты. Екіншісінің көкбауыры езілген. Екеуі де медикаментоз ұйқысы жағдайында жатыр. 

Басылым тілшілерінің айтуынша, редакцияға жапа шеккен балалардың бірінің ата-анасы келіп, автомобильдің қызметтік көлік болғанын айтқан. Көлік меншігіне жататын компанияның басшысы балалардың ата-анасына хабарласып, жағдайды реттеуді ұсынған. Алайда жарақат алған балалардың ата-аналары оған келісім бермеген. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети