06 қазан 2015 16:32

Ақтауда біреудің әмиянын алып кеткен әйелдер видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтауда жерге түскен әмиянды пакеттеріне салып әкеткен әйелдер іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды "Лада".


Ақтауда жерге түскен әмиянды пакеттеріне салып әкеткен әйелдер іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды "Лада".

Басылымның мәліметінше, оқиға 1 қазан күні кешкі сағат 20.00 шамасында "Дана" дүкенінде болған және ол видеоға түсіп қалды. Видеодан бір әйелдің байқамай әмиянын түсіріп алғанын, ал басқа бір әйелдің оны пакетіне салып алғанын көруге болады. Зардап шеккен Алмагүл Аманғалиеваның айтуынша, әмиянында 52 мың теңге болған. Ол ақшаны анасына жібермекші болыпты.

"Мен әмиянның түсіп қалғанын байқаған жоқпын. Бірақ жоғалтып алғанымды түсінгенде дүкенге қайта бардым. Біз камерадан видеоны алып, ықшамауданның учаскелік полицейіне бардық. Ол бұл жағдайға ұрлық ретінде баға беруге болмайтынын айтты, себебі әмиян түсіп, оны біреу тауып алды. Біз ол әйелдерді өзіміз табамыз деп шештік. Сатушылар олардың дүкенге жиі келетіндерін айтты", - дейді зардап шегуші.

Әмиянын жоғалтып алған әйел олар оқиға орнына жақын жерде тұрады деп ұйғарып отыр - 27 немесе 12-ықшамауданында. Ол видеодағы әйелдерді таныған адамдар болса мына номерлерге қоңырау шалуды сұрайды: 8 701 091 1801 немесе 8 701 243 2688.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға 2 қазанда қаланың №15 ықшамауданындағы дүкендердің бірінде болды. Ол кезде сатып алушы әйел біреулердің абайсызда қалдырып кеткен әмиянын тауып алып, оны сөмкесіне салып алды. Бұл әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети