12 желтоқсан 2016 19:51

Ақтауда екі жасар қыздың өліміне улану себеп емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтыс болған екі жасар Сезім. Сурет отбасының жеке қорынан. Қайтыс болған екі жасар Сезім. Сурет отбасының жеке қорынан.

Ақтауда екі жасар қыздың өліміне улану себеп емес. Бұл туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің жетекшісі Әлия Жұмажанова мәлімдеді, - деп хабарлайлы өңірлік "Лада" басылымы.


Ақтауда екі жасар қыздың өліміне улану себеп емес. Бұл туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің жетекшісі Әлия Жұмажанова мәлімдеді, - деп хабарлайлы өңірлік "Лада" басылымы.

Эпидемиологиялық тергеу жүргізгеннен кейін дәрігерлер 2016 жылдың 4 желтоқсанында қайтыс болған екі жасар Сезім Жұмаханның өлімінің себебі улану емес деген қорытындыға келді.

"Зертханалық зерттеу қайтыс болған қыздың ата-анасы тұрып жатқан пәтерде және шаурма сатып алынған кафеде жүргізілді. Ірі ережебұзушылықтар тіркелген жоқ. Екі жасар қыздың өліміне улану себеп емес, өйткені азық-түлікті тексеру барысында ауру туғызатын патоген флорасы анықталмады. Пәтерде де шайынды тексерілді. Төменгі қабаттағы пәтердің ауасының химиялық құрамы тексерілді. Барлығы таза. Кафеде санитарлық ереженің бұзылғаны анықталды (персонал санитарлық кітапшасынсыз жұмыс істеген және тағы да басқа). Бірақ бұл жайт баланың өліміне себеп бола алмайды", - деп хабарлады Әлия Жұмажанова.

Оның айтуынша, сол күні басқа ешкім жүрегі айнып, ауруханаға келмеген. "Тергеу кезінде үйдің кіреберісінде хлордың иісі шығып тұрған, бұл көршілердің еденді хлор қоспасымен жуғанының салдарынан болған", - деді Жұмажанова.

Эпидемиологтар ІІБ-ге және Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына қыздың өлімін анықтау үшін хат жазғанын атап өтті. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Сара Ермаханова қыздың өлімі дерегі бойынша ауруханада тәуелсіз сараптама басталғанын хабарлады.

Еске салайық, Ақтауда қан жылаған ата-ана дәрігерлерді екі жасар қызының өліміне айыптаған болатын. 2 жасар Сезім 4 желтоқсанда балалар жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болған. Әкесінің айтуынша, Сезім Жұмахан ауруханада жатқан екі күн бойы дәрігерлер оған қарамай қойған.

Сезім Жұмаханның әкесінің айтуынша, 1 желтоқсанда оның төрт жасар ұлы Аслан мен екі жасар қызы Сезім Ақтаудағы 7 ықшамаудандағы кафелердің бірінен шаурма жеген. Сол күні түнде екі баласы да іші ауырғанын айтқан. Ал таңға жуық құсыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети