02 наурыз 2015 12:24

Ақтауда халыққа қызмет көрсету орталығына келген адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Lada.kz ©Lada.kz

2 наурызда Ақтауда мамандандырылған ХҚКО-да бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды "Лада" порталы "жедел жәрдем" қызметіне сілтеме жасап. Автокөлік иелеріне арналған ХҚКО Ақтау - әуежай тас жолында орналасқан. 

"Хабар бүгін таңғы 9.08-де түсті. Оқиға орнына келген дәрігерлер азаматтың қайтыс болғанын тіркеді. Оның неден қайтыс болғаны әзірше анықталмады. Алдын ала мәліметке қарағанда, ер адам жүрек талмасына ұшырады", - деді дәрігерлер. Қазіргі уақытта ХҚКО жұмысы тоқтап тұр. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, Ақтауда автокөлік иелеріне арналған ХҚКО 2013 жылы ашылған болатын. Осыған дейін бұл мекемеде сәйкестендіру сертификатының алып тасталуына байланысты Кеден одағы елдерінде сатып алынған автомобильдерді есепке қою уақытша тоқтаған еді. Кейін халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері автокөліктерді тіркеу қайта жалғасқанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети