19 қыркүйек 2015 08:44

Ақтауда жаттығу кезінде қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

Ақтауда жаттығу кезінде қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды. КТК телеарнасының мәліметінше, олар 19 жастағы Бауыржан Жолдабай, ол Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданынан шақыртылған, 19 жастағы Асылжан Махамбетов, ол Атырау облысының Құлсары ауданынан шақыртылған. Сонымен қатар, мәйітханаға 23 жастағы Замир Әділовтің денесі жеткізілді, ол Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынан барған және 19 жастағы Бақытжан Қалыбай, ол Атырау облысының Мақат аулынан барған.  

Телеарнаның мәліметінше, жаттығу кезінде тағы екі әскери қызметші жарақат алған - олар дәрігерлердің көмегіне жүгінді.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, кеше, 18 қыркүйек күні Ақтауда өтіп жатқан "Орталық-2015" оқу-жаттығуының "Орта Азиялық стратегиялық бағытта жауынгерлер тобының операция жүргізуі" екінші кезеңінде ("Оймаша" полигонынан 5 шақырым қашықтықта) "теңіз десантын түсіру және плацдармға тосқауыл қою" эпизодын орындау барысында алты БТР-80 техникасы мен 52 әскери қызметші теңізге шыққан.

"Теңізден шамамен 150 метр өткеннен кейін қатты жел мен жоғары толқын салдарынан төрт БТР-80 суға батып кетті. Екі техника өз күшімен жағалауға шықты. Алдын-ала мәлімет бойынша мерзімді қызметтің 4 әскери қызметшісі суға батып кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясына жағдайдың себебін толық анықтау үшін жедел арнайы топ құрып, оқиға орнына баруды тапсырды. Қазіргі ахуал ҚР Қорғаныс министрінің тікелей бақылауына алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети