09 ақпан 2017 09:19

Ақтауда жетінші сынып оқушысы "Синий кит" ойынына кіріп, қолын тілгілеп тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© LAda.kz © LAda.kz

Ақтауда жетінші сынып оқушысы "Синий кит" ойынының тапсырмаларын орындап, қолын тілгілеп тастаған, - деп хабарлайды "ЛАДА" басылымы Маңғыстау облысы Білім басқармасына сілтеме жасап.


Ақтауда жетінші сынып оқушысы "Синий кит" ойынының тапсырмаларын орындап, қолын тілгілеп тастаған, - деп хабарлайды "ЛАДА" басылымы Маңғыстау облысы Білім басқармасына сілтеме жасап.

Басқармадағылардың айтуынша, 13 жастағы бала тілгілеп тастаған қолының суретін ойынның "әкімшісіне" жолдаған. Келесі күні ол қолын сыныптастарына көрсетіпті. Ал сыныптастары оқиғаны мектеп инспекторына, кейін мұғалімдерге айтып берген. Өңірлік білім басқармасындағылардың айтуынша, баланың жарақаты жеңіл және қазір оның өміріне қауіп жоқ.

"Бұл оқиға 6 ақпанда сағат шамамен 16.00-де, сабақтан тыс уақытта болған. Ақтаудағы мектептердің бірінің жетінші сынып оқушысы қолын он жерден тілген. Ол сыныптасынан білген бір ойынға қызыққан. Бала салдарын ойламай, ойынға кірмек болған. Ал оған тапсырма берілген. Осыдан кейін бала тапсырманы орындап, суретін жолдаған. Келесі күні ол қолын сыныптастарына көрсетіп, өз кезегінде балалар оқиға жайлы мектеп инспекторына айтып берді", - деп хабарлады облыстық білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі бөлімінің жетекшісі Алмажай Райымбердиева.

Енді баламен психолог жұмыс істеп жатыр, қалған оқушыларға учаскелік полицейлер мен педагогтар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. "Облыстағы барлық мектеп пен колледждерде ішкі бұйрық берілді, оған байланысты сабаққа смартфон алып келуге тыйым салынды. Мектеп инспекторлары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мұғалімдер бақылау жүргізіп жатыр", - деді Райымбердиева.

Еске салайық, Желіде "Синий кит" ойынының мән-жайы айтылған мәліметтер тараған еді. "Контакте" желісіндегі осындай топтардан жасөспірімдерді белгісіздер ойын ойнауға шақырған. Бұл ойынның шарты бойынша, 50 тапсырма орындалуы тиіс, ал ең соңғысы суицид жасау. Ал ойыншы қарсы болса, ұйымдастырушылар оның ата-анасын өлтіріп кетемін деп қорқытатын көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети