Ақтауда сауда орталығының маңындағы автотұраққа қойылған автомобильдің ішінен адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. Ер адамның денесінен зорлықтың ізі табылмаған.

Болжам бойынша, ер адамның өліміне есірткіні шамадан тыс қолдануы себеп болған. Полицейлер ер адамның аты-жөнін анықтады. Ол Жаңаөзеннің 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда пәтер ішінен бес бірдей адамның мәйіті табылған болатын. Қайтыс болғандардың арасында балалар да бар болып шықты.