26 ақпан 2016 14:11

Ақтауда төрт жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ptr-vlad.ru © ptr-vlad.ru

Ақтауда төрт жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтауда төрт жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 25 ақпанда кешкі уақытта 32 "А" ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Төрт жасар қыз пластик терезесінің торына сүйенемін деп, бесінші қабаттан асфальтқа құлаған. "Бүлдіршін Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына 18.50-де жеткізілді. Дәрігерлер бассүйегінің жабық сынығын, миының жарақаттанғанын, ішінің жарақат алғанын және ІІ-ІІІ деңгейдегі травматикалық шок алғанын анықтады", - деп хабарлады облыстық балалар ауруханасының өкілдері.

Дәрігерлер қыздың өмірін аман алып қала алмады. Ол ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети