12 мамыр 2015 15:32

Ақтөбе мектебінде екінші рет суицид оқиғасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newstes.ru © newstes.ru

Ақтөбеде мектеп түлегі өзіне өзі қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. №3 орта мектептің оқушысы үйінде асылып қалған. Дәл осы мектептің еңбек пәнінің мұғалімі сәуірдің аяғында асылып қалған болатын.


Ақтөбеде мектеп түлегі өзіне өзі қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. №3 орта мектептің оқушысы үйінде асылып қалған. Дәл осы мектептің еңбек пәнінің мұғалімі сәуірдің аяғында асылып қалған болатын.

Оқу орнының ұстаздары оқушы қыздың неліктен суицидке барғанын анықтай алмай отыр. Мектеп директоры Шолпан Өмірзақованың айтуынша, қыз сабақты жақсы оқыған және медициналық университетке оқуға түсуді жоспарлап жүріпті. Еске сала кетейік, сәуірдің аяғында Ақтөбедегі №3 мектепте еңбек пәнінің мұғалімі 47 жастағы Мұрат Тукин өзіне өзі қол жұмсады. Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, Тукин бұл мектепте 13 жыл жұмыс істепті. Ол осы жылдар ішінде "Ең үздік мұғалім" атанып, мектептегі әдістемелік бөлімді басқарған. Қазір тергеушілер суицидтің себебін анықтап жатыр. 

Айта кетейік, бұл Ақтөбедегі мектеп оқушылары арасындағы үшінші суицид. 2015 жылы 26 сәуірде №18 мектептің түлегі Дәрия Қабікеш туысының пәтеріндегі ванна бөлмесінде сірке қышқылын ішіп қойды. Ішек-қарын жолының қатты күйіп қалуы салдарынан ол ауруханаға жеткізілді, бірақ бірнеше күн өткеннен кейін жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Дәл сол күні №26 мектептің 11-сынып оқушысы жетінші қабаттан секіріп, сол жерде қаза тапты. Барлық дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр.

Қазіргі таңда Ақтөбе мектептерінде эксперимент жүріп жатқаны белгілі болды - енді түлектермен психологтар ғана емес жергілікті имамдар да жұмыс істейтін болды, олар түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындайды. Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы Бақытбек Тәжімбеттің айтуынша, мұндай бастама соңғы кездері жасөспірімдер, әсіресе мектеп түлектері арасындағы өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің күрт артуына байланысты қолға алынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети