18 қаңтар 2018 15:45

Ақтөбе облысында өртенген автобустың қайда бара жатқаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында өртенген автобус Қазан қаласына бара жатқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жедел штабтың шұғыл желісіндегілер хабарлады.


Ақтөбе облысында өртенген автобус Қазан қаласына бара жатқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жедел штабтың шұғыл желісіндегілер хабарлады.

"Автобус ОҚО Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылынан Ресей Федерациясы Қазан қаласына бара жатты. Қазақстандық мемлекеттік нөмірі бар", - деді шұғыл желідегілер.

Осыған дейін ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев төтенше жағдайдан зардап шеккен және қаза тапқандардың отбасына жан-жақты көмек көрсету үшін арнайы комиссияның құрылғанын хабарлады.

"Комиссияның құрамында ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев, денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, құқық қорғау органдарының өкілдері мен облыстық басқа органдарының өкілдері бар", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.

Осыған дейін өртенген автобустың фото мен видеолары және аман қалғандардың аты-жөні жарияланған болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети