06 қазан 2015 09:20

Ақтөбе облысында ҰҚК қызметкері жұмыс орнында өзін атып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Ақтөбе облысында ҰҚК Мұғалжар аудандық бөлімі басшысының орынбасары өзіне қол салды. 38 жастағы ер адам жұмыс кабинетінде өзіне оқ атты, - деп хабарлайды "Диапазон".


Ақтөбе облысында ҰҚК Мұғалжар аудандық бөлімі басшысының орынбасары өзіне қол салды. 38 жастағы ер адам жұмыс кабинетінде өзіне оқ атты, - деп хабарлайды "Диапазон".

Оқиға 3 қазан күні күндіз Қандыағашта болған. Ер адам вахтерді темекіге жіберіп, ол жоқта өзіне табель қаруынан оқ атты. ҰҚК қызметкері 5 қазан күні жерленді. Оның артында жұбайы мен екі қызы қалды.

Басылымның мәліметінше, қаза болған азамат бұл қызметінен бұрын ҰҚКД халықаралық терроризм және экстремизммен күрес басқармасында жұмыс істеген. Ол 2011 жылы Шұбаршы және Кеңқияқ ауылдарында болған маусым айындағы оқиғаға, нақтырақ айтқанда оған қатысушыларды ұстау операциясына қатысқан. Ол қызмет бабымен Астанаға ауысуды жоспарлапты. Оның ата-анасы соңғы жылдары сол жақта тұрып, үлкен қызы да оқуға сол жаққа кеткен. Ер адамды мұндай әрекетке ненің итермелегені әзірше белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети