05 наурыз 2015 09:47

Ақтөбеде 6-қабаттан құлаған бала аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz мұрағатынан ©Tengrinews.kz мұрағатынан

Ақтөбеде алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен 6 жасар бала аман қалды, - деп хабарлайды "Диапазон" газеті. Оқиға 1 наурызда болған. "Жедел жәрдемді" ұл баланы жақын жердегі дүкенге алып барған куәгерлер шақырды.


Ақтөбеде алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен 6 жасар бала аман қалды, - деп хабарлайды "Диапазон" газеті. Оқиға 1 наурызда болған. "Жедел жәрдемді" ұл баланы жақын жердегі дүкенге алып барған куәгерлер шақырды.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Қожиннің айтуынша, қазір баланың денсаулығына қауіп жоқ. "Балада бассүйек-ми зақымы, алдыңғы және артқы құрсақ қабырғалары жарақаттанған. Бір жағынан, таңғаларлық жағдай: алтыншы қабаттан құласа да, еш жері сынбаған. Бірақ жетінші қабаттан құлап, терісін сыдырып алғандар да болған. Кейбіреулер орындықтан құлап ашық сыныққа тап болады. Барлығы жерге қалай түсетініңе байланысты. Бірақ ата-ана балаларына мұқият қарауы тиіс еді", - деді дәрігер.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға 2014 жылы тамызда Шымкентте болған еді. Үш жасар бала бесінші қабаттан құлап аман қалды. Сәби бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына құлаған. Көшеден өтіп бара жатқан адам жылаған баланың дауысын естіп, төтенше жағдайлар қызметіне хабарлайды. Оқиға орнына келген құтқарушылар дүкен шатырынан баланы түсіріп алып, жедел жәрдем шақырды. Үйде жалғыз қалған үш жасар Диастың терезеден құлап кеткені белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети