22 маусым 2015 17:22

Ақтөбеде медакадемия студенті асылып қалған күйі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© progorodnn.ru © progorodnn.ru

Ақтөбеде медакадемия студенті асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды "Мой город".


Ақтөбеде медакадемия студенті асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды "Мой город".

Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жалпы медицина факультетінің деканы Талғар Әбіловтің айтуынша, қайғылы оқиға болған күні студент Азамат микробиология емтиханынан өте алмаған. Алайда ұстаздар оқиғаны оқумен байланыстырып отырған жоқ.

"Әзірше ештеңе белгілі емес. Тергеушілер зерттеу жүргізіп жатыр. Университетте де осы оқиғаға байланысты комиссия құрылды. Азамат ақ жарқын, көпшіл адам болатын. Оқу үлгерімі де жақсы. Үш пен төртке оқыды", - дейді Әбілов.

Айта кетейік, екінші курс студентінің грантта оқығаны белгілі болды. Ол БҚО тумасы, отбасында үш ұлдың үлкені. Анасы - мұғалім, әкесі - жұмыссыз. ІІД суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети