09 қаңтар 2015 14:34

Ақтөбеде тұрғын үйдегі жарылыстан алты адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Ақтөбенің іргесіндегі Заречный елді мекенінде жеке үйдегі газ баллоны жарылды. Төтенше оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбенің іргесіндегі Заречный елді мекенінде жеке үйдегі газ баллоны жарылды. Төтенше оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл кезде үйде төрт ересек адам мен екі бала болған. Олардың бәрінің денесін күйік шалды. Облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рахымжан Арыстановтың айтуынша, ересек пациенттердің жағдайы ауыр, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр, біреуі жарақат бөліміне ауыстырылды. Қазір зардап шеккендерді Астанадағы күйік орталығына санитарлық авиациямен жөнелту мәселесі қарастырылып жатыр.

Зардап шеккен балалар болса, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға 5 литрлік газ баллонының жарылуы себеп. Ол асүйдегі жылу радиаторының жанына қойылыпты, бұл - талапқа сай емес.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети