20 маусым 2015 19:51

Ақтөбеде үлкен мейрамхана өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Понтий Пилат/facebook.com ©Понтий Пилат/facebook.com

Ақтөбеде үлкен мейрамхана өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өрт шамамен 16.30-да шықты,


Ақтөбеде үлкен мейрамхана өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өрт шамамен 16.30-да шықты,

Өрт Оспанов және ағайынды Жұбановтар атындағы көшелердің қиылысында орналасқан "Ланцелот" мейрамханасында болды. ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар кезекші пультіне 17.00-де түсті. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Тілсіз жау ауыздықталды, алайда сөндірілгені жайлы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат бойынша жарақат алғандар жоқ. Өрт шалған аумақ анықталып жатыр.

©Понтий Пилат/facebook.com

Еске салайық, осыған дейін Алматы қаласындағы Абай даңғылы мен Құрманғазы көшесінің ортасында орналасқан Масанчи көшесінің бойындағы асханада өрт шығып, 50 адам эвакуацияланған болатын. Тілсіз жау ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети