06 маусым 2016 12:11

Ақтөбедегі "Нұр сити" ықшамауданы қоршауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Максимович © Николай Максимович

Ақтөбедегі "Нұр сити" ықшамауданы қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ықшамауданның тұрғындары таңғы 6.00-де атыс болғанын айтады.


Ақтөбедегі "Нұр сити" ықшамауданы қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ықшамауданның тұрғындары таңғы 6.00-де атыс болғанын айтады.

Қазіргі уақытта аймақты тікұшақтар кезіп жүр. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ықшамауданға кіреберісте барлық автомобильді тексеріп жатыр.

Оқиға орнында екі полиция қызметкері бар, олар ықшамаудандағы жаңадан салынған үйлерге баратын жолды жапқан. Жергілікті тұрғын Роза Әбрдайымованың айтуынша, ол таңғы уақытта атыстың даусын естіген. Ал түні бойы "қозғалыс" белсенді болған. 

Айта кетейік, "Нұр сити" ықшамауданы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған, мұнда көбінде мемлекеттік қызметкерлер мен мұғалімдер тұрады.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети