10 шілде 2017 16:19

Ақтөбедегі саябақта мерт болған қыздың әпкесі: Бұл істің анық-қанығына жетемін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сюзанна Гамидова Сюзанна Гамидова

Ақтөбедегі Тұңғыш Президент саябағында көлік қағып, қаза болған қыз бір айдан кейін 19 жасқа толар еді. Марқұмның әпкесі саябақта болған қайғылы оқиға жайлы туыстары жаңалықтардан білгенін айтады. Қыз бала оқиғаны жылы жауып қоймайтынын және кінәлілер жазасын алатындай жасайтынын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақтөбедегі Тұңғыш Президент саябағында көлік қағып, қаза болған қыз бір айдан кейін 19 жасқа толар еді. Марқұмның әпкесі саябақта болған қайғылы оқиға жайлы туыстары жаңалықтардан білгенін айтады. Қыз бала оқиғаны жылы жауып қоймайтынын және кінәлілер жазасын алатындай жасайтынын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтөбе саябағында көлік қағып кеткен Сюзанна Гамидованың әпкесі Екатерина Гамидова Facebook және "ВКонтакте" желілеріне отбасы қандай қайғыда екенін жазған. 

"Қоңырау шалып, сіңілің көз жұмған болуы мүмкін, бірақ, оны тану керек дегендегі қалайша есеңгіреп қалғаныңды да білмей қаласың... Мен дәрменсіздік деген не екенін түсіндім, сен бір қаладасың, ал сенің бауырың, бірге туғаның өзге қалаға демалысқа кеткен, сен осындасың, ал ол сол жақта. Қалай қабылдарымды білмеймін, ол жай қыз емес, менің сіңілім, менің қызғышым, 19 жасқа толуына екі ай ғана қалғанда...", - деп жазыпты Екатерина. 

Екатерина туыстары бірнеше сағат бойы қаза болған Сюзанна ма, жоқ па білмей отырғанын айтады. Оларға жақындары көңіл айта бастағанымен, соңына дейін үміт үзбеген. 

"Денең түршігіп, шашың тік тұрған деген қалай болатынын түсіндім. Саған қоңырау шалып, көңіл айтып жатқанда. Немесе: Бұл рас па, Сюзаннаға не болды? Не айтып отырсыздар? Қандай қайғы бөлісу, менің қарашығым тірі, бұл түсініспестік, қазір анашым денені тануға барады да, бұл қателік деп айтады... тағы бір үміт...", - деп білдірді сезімін Екатерина. 

Екатерина болған оқиғаны жаңалықтардан білгенін, бірақ, анық-қанығын білмегенін айтады. 

"Жаңалық оқу, сондай қорқынышты кадрларды көру не екенін түсіндім... оқып отырып бәрібір үміттенесің, күту бір азап, 4 сағаттан кейін анамды денені көруге жіберді, мәйітханадан соғылған сол бір қоңырау: "Сол!", жо-жоқ, сен қателестің, анам денең мұздап, жер төңкерілгендей етер сөзді айтты. Бір сәтте өмірім тоқтап қалды: "Қызымды қалай танымайын!", - деп түсіндірді ол. 

Екатерина болған жайттың анық-қанығына жететінін жазыпты. 

"Мұның бәрін жазу ауыр, бірақ, барлық әлеуметтік желіге жазамын, бәрі білсін, бұл оқиғада менің қарашығым ғана құрбан болды. Мен мұны бұлай қалдырмаймын!", - деп аяқтады Гамидова. 

Туыстарының мәліметі бойынша, Ақтөбеде 11 шілдеде сағат 12:00-де ағайынды Жұбановтар көшесінде Сюзанна Гамидовамен қоштасу өтеді. Сағат 15:00-де Молдағұлова 46 мекенжайында ас беріледі. 

Еске салайық, 2017 жылдың 7 шілдесінде 21:10-да Ақтөбенің 19 жастағы жүргізуші Әбілқайыр хан көшесімен Газиза Жұбанова көшесіне қарай беттеп келе жатып, тротуарғса шығып кетеді. Тротуарда 19 жастағы жігіт пен қызды қағады. Қыз бала оқиға орнында көз жұмады. Ал жігітті көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізеді, жол апатына кінәлі жүргізуші қыз да ауруханаға жеткізілген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети