02 тамыз 2020 18:09

Ақтөбелік екі ер адам суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: КТК Сурет: КТК

Ақтөбе облысында екі ер адам суға батып кетті, - деп хабарлайды КТК.


Ақтөбе облысында екі ер адам суға батып кетті, - деп хабарлайды КТК.

Қайғылы оқиғаның бірі Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында болған. Энергетика бау-бақша ұжымы маңындағы Елек өзеніне түскен Ақтөбе қаласының тұрғыны судан шыға алмай қалған.

"Оқиға болған жерге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен екі адам және үш техника жіберілді. Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғыны мас күйінде суға шомылған. Жанында үш адам болған. Құтқарушылар оның мәйітін үш сағаттан соң 3 метр тереңдіктен алып шықты", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақтөбе қаласындағы Елек өзенінде шомылған ер адам да суға батып кетті. Ол да рұқсат етілмеген жерге барып, мас күйінде шомылған. Құтқарушылар оның денесін 3,5 метр тереңдіктен тапты.

Дереккөз: КТК

Қазақстан ген. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети