19 қаңтар 2017 14:50

Ақтөбеліктің Samsung Note 3 смартфоны жарылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік тұрғынның Samsung Note 3 ұялы телефонының батареясы жарылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төтенше жағдайдың видеосы Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында жарияланды.


Ақтөбелік тұрғынның Samsung Note 3 ұялы телефонының батареясы жарылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төтенше жағдайдың видеосы Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында жарияланды.

Ұялы телефон иесінің әйелі Райгүл Жақсылықова телефонды үш жыл бұрын сатып алғанын айтты. Оның айтуынша, телефонда осы уақытқа дейін ешқандай ақау болмаған. Сондай-ақ, Райгүл Жақсылықова смартфонның қуаттау құрылғысын ауыстырғанын айтты.

"Соңғы кездері ұялы телефонның батареясы тез "отырып қалатын". Күйеуім аккумуляторын ауыстырмақшы болды, бірақ жұмысқа байланысты уақыт болмай кетті. Сол күні телефон түні бойы қуат көзіне жалғанып тұрды. Түнде шамамен сағат 01.00-де қуаттауға қойған. Таңертең баламды балабақшаға апарып келіп, үйге келсем, шамамен сағат 08.30-да бір сарт еткен дауыс шықты. Бөлмеге кірсек, телефонның батареясы жарылғыш зат сияқты өртеніп жатыр екен. Содан барлығы өртене бастады. Біз видеоға барлығы өртеніп болған соң түсірдік. Қатты түтін болды, телефон бір жақта, батареясының қақпағы басқа жақта, ал батареяның өзі тағы бір жақта жатты", - дейді әйел.

Сонымен қатар, ол күйеуінің таңертең тұрып, оятарды өшіргенін айтты. Кейінірек шамамен сағат 07.30-да ол ұялы телефонды қуат көзінен алған. Жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ.

Еске сала кетейік, осыған дейін де Ақтөбе тұрғынының ұялы телефоны жарылып, ауруханаға түскені хабарланған болатын. Оқиға 18 желтоқсанда болған. Аурухананың бас дәрігері Рахымжан Арыстанның айтуынша, зардап шеккен қыз 1988 жылғы. "Науқастың айтуынша, телефон қуат алып тұрған кезінде жарылған. Ол телефонын жанына қойып, ұйықтап қалған. Оның бетін, қолын мен жамбасын және кеудесін күйік шалған. Оның жағдайы орта деңгейде деп бағаланып отыр", - деген еді бас дәрігер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети