07 қазан 2016 21:28

Әліби Жұмағұловтың танысы оның үстінен полицияға шағым түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әліби Жұмағұлов Қайрат Жамалиевтің сотында жәбірленуші. © Tengrinews.kz Әліби Жұмағұлов Қайрат Жамалиевтің сотында жәбірленуші. © Tengrinews.kz

Әліби Жұмағұловтың танысы оның үстінен полицияға шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 


Әліби Жұмағұловтың танысы оның үстінен полицияға шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

"2016 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қалалық ІІД-ге А есімді азаматша танысы Әліби Жұмағұловтың үстінен көлігінде қалып қойған ноутбугін қайтармай жүргеніне шағымданған. Алғашқы тергеу шараларының барысында ноктбук иесіне қайтарылды, ал қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты тергеу тоқтатылды", - деп хабарлады Астана ІІД өкілдері.

Айта кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғу оқиғасына байланысты атышулы іс 2015 жылдың сәуірінде шыққан болатын. Сол уақытта жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіде баласын елордалық белгілі бизнесмен Қайрат Жамалиев ұрып-соқты деп, суреттер жариялаған еді. Кейін Қайрат Жамалиев қамауға алынып, сотталған. Сот Жамалиевті 13 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеген болатын. Бұл оқиға жайлы мына жерден толығырақ оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети