29 қыркүйек 2014 13:58

Алматы - Атырау пойызы апатына кінәлілерге шартты жаза берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ortcom.kz ©ortcom.kz

Алматы - Атырау пойызы вагондарының рельстен шығып кеткені үшін Атырау жол қашықтығы учаскесі бастығы мен оның орынбасарына шартты түрде жаза берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы - Атырау пойызы вагондарының рельстен шығып кеткені үшін Атырау жол қашықтығы учаскесі бастығы мен оның орынбасарына шартты түрде жаза берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратураның мәліметінше, жылжымалы құрамның апатқа ұшырауына жөндеудің сапасыз жүргізілуіне байланысты теміржолдың қисайып кетуі себеп болған. Жөндеу кезінде қолданыстағы нұсқаулықтар мен регламент талаптары бұзылған. "ҚТЖ" ҰК" АҚ комиссиясы мен Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік бақылау комитетінің мамандары да апат себебі туралы осындай тұжырымға келді", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 26 қыркүйек күні Атырау облысы Қызылқоға аудандық соты сотталушыларға ҚР ҚК 295-бабының 1-бөлігі бойынша үкім шығарып, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды, оның бір жылы - сынақ мерзімі. 

Еске сала кетейік, Алматы - Атырау бағытындағы №42 жолаушылар пойызы 2014 жылдың 19 сәуірі күні Атырау облысының Қызылқоға ауданында апатқа ұшыраған еді. Вагондардың рельстен шығып кетуін тергеген құқық қорғау органдары құрамның ақауы жоқ екенін анықтады. Машинист пен оның көмекшісінің шұғыл тежегішті қолдануы дұрыс әрі ведомстволық нұсқаулыққа сай деп танылды. Апат салдарынан жолаушылардың денсаулығына орта және жеңіл деңгейде нұқсан келгені белгілі болды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети