Алматы әуежайына "жарылғыш зат қойған" адам - түрмеден хабарласқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайына "жарылғыш зат қойған" адам - түрмеден хабарласқан ©РИА Новости

Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпаратты хабарлап, қоңырау шалған Шығыс Қазақстан облысындағы тұтқындалған адам болуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісіне бұл жөнінде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпаратты хабарлап, қоңырау шалған Шығыс Қазақстан облысындағы тұтқындалған адам болуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісіне бұл жөнінде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.

Ұрлық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылып, алты жылдық жазасын ШҚО Солнечный ауылындағы УВ-156/18 колонияда өтеп жатқан Әлібек Ақбердиев полицияға қоңырау шалып, Алматы әуежайындағы бомба туралы хабарлағанын мойындады.

"Біз бұл хабарға бірден көңіл аударып, осындай тұтқынның бар-жоғын тексердік. Оны таптық, ол қоңырау шалғанын мойындады. (...) Заң бойынша, телефонмен тілдесуге кез-келген азаматтың, оның ішінде тұтқындардың да, тек таксофон арқылы, құқы бар. Сондықтан, біз ол дәл осы таксофоннан қоңырау шалған болар деп топшылап отырмыз", - деп мәлімдеді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Алматы әуежайындағы ТЖ-ға түсініктеме беріп.

Қазір тұтқынның телефон терроризмі фактісіне қатысы барлығы егжей-тегжейлі тексерілуде. Сонымен қатар, тұтқынның нақты қайдан телефон шалғаны да анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат 8 шілде күні сағат 10.53-те келіп түскен болатын. Бірнеше рейс кідіртіліп, әуежай ғимараты ішінен 1500 адам қауіпсіз жерге шығарылған еді. Оқиға орнына Медициналық апаттар орталығы қызметкерлері шақыртылған. Сәл кейінірек Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпараттың жалған екені анықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети