29 қазан 2014 13:33

Алматы барахолкасында тағы да өрт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ телеарнасы ©СТВ телеарнасы

Бүгін - 29 қыркүйек күні таңертең Алматы барахолкасында тағы да өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін - 29 қыркүйек күні таңертең Алматы барахолкасында тағы да өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, халық тұтынатын тауар сақталған екі контейнер өртенді. Диспетчер пультіне қоңырау 11.17-де шалынған. Өрт 12.25-те сөндірілді. Жалын 40 шаршы метр ауданды шарпыды. Жапа шеккендер жоқ. СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісінің мәліметі бойынша, өрт "Байсат" сауда орталығының бутигінде болған.

Еске сала кетейік, Алматы барахолкасында өрт соңғы рет 4 қыркүйекте болған еді. Ол кезде өрт "Алатау" базарынан шықты. Жалын 100 шаршы метр ауданды шарпыды. Тілсіз жауды сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 107 маманы мен 34 техникасы қатысты.

Ал оның алдында Алматыдағы барахолкада 2014 жылдың ақпан айында өрт болды. Ол уақытта "Юпитер" базары өртке оранды. 1000-1500 шаршы метр ауданды алып жатқан контейнерлердегі шаруашылық тауарлары жанып кетті. Өрттің "Алатау-1" базарына таралу қаупі болды. Барахолка 2013 жылдың желтоқсан айында да өртенді. "Алатау-2" базарындағы бес контейнер түгел жанып кетті, өртенген аудан - 150 шаршы метр. Тілсіз жауды сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 107 маманы мен 34 техникасы қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети