27 сәуір 2015 08:28

Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығында 25 мың шаршы метрді өрт шалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығында шыққан өрт тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығында шыққан өрт тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, 25 мың шаршы метрді өрт шалды. "Алматы ТЖД пултіне өрт туралы хабар 22.24-те келіп түсті. Оқиға орнына бірінші бөлімшелер 6 минуттан кейін жетті. Оқиға орнына келген олар өрт туралы хабардың кеш келгенін түсінген - "Адем" сауда үйінің ғимаратында өте жоғары температура болды (270 градус) және зиян әрі улы газ шықты. Сонымен қатар, автоматтандырылған өрт сөндіру дабылының істен шыққаны, ал сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінде су болмағаны анықталды", - деді өрт сөндірушілер.  

Сонымен қатар, олардың айтуынша, өртті сөндіруге сауда үйіндегі бутиктердің тез жанатын және уытты материалдан жасалғаны кедергі болған. Ғимарат іші қайта құрылымдалған, ғимаратта көптеген тауар мен манекен болды, олар өрт кезінде улы газ шығарды. "Адем" сауда үйінде газ баллондары сақталған, олар өрт шалған кезде жарыла бастады. Өрттің күшеюіне күшті жел ықпал етті. "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, өрт шалған аумақтағы желдің жылдамдығы секундына 2,7 метрге жетті.

Өрт 06.35-те локализацияланды. Өртті сөндіруге Алматы қалалық ТЖД-нің жеке құрамының 156 адамы, негізгі өрт сөндіру техникасының 25 данасы және арнайы техниканың 16 данасы, сонымен қатар, Алматы ІІД-нің жеке құрамының 380 адамы , 34 дана техникасы, №5571 әскери бөлімінің 200 әскериі және 10 дана техникасы, "Холдинг Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық шаруашылығының су тасығыш екі машинасы, Алматы ҚМШ-ның екі адамы және 1 бригадасы жұмылдырылды.

Алматы ТЖД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, 2012 жылы ТЖ маманы "Адем" сауда орталығында өрт сөндіру қауіпсіздігі талабының 11 рет бұзылған дерегін анықтаған, сол уақытта сауда орталығына 45 мың теңге айыппұл салынды. Ведомство сауда үйінің қызмет көрсетуін тоқтату үшін оның үстінен сотқа арыз берген, арыз қабылданған. 2013 жылы бақылау тексерісінде мамандар бұл ереже бұзушылықтардың жойылғанын анықтады. 2014 жылы шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланғандықтан, "Адем" сауда орталығы тексерілмеген болып шықты. Оның тексерісінің осы жылдың екінші жартысына жоспарланғаны айтылды.

Қазіргі уақытта келген шығын есептеліп, өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 

Еске сала кетейік, 26 сәуірде Алматы қаласындағы "Адем" сауда үйінде кешкі уақытта өрт шыққан болатын. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Бірақ куәгерлер өрт сөндірушілерді әрекетсіздік танытты деп айыптап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети