30 шілде 2015 11:05

Алматы метросының эск-директоры Мұрат Өкшебаевтың мүлкі тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Өкшебаев. © zaleskiy.com Мұрат Өкшебаев. © zaleskiy.com

Алматы метросының эск-директоры Мұрат Өкшебаевтың мүлкі тәркіленді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Алматы метросының эск-директоры Мұрат Өкшебаевтың мүлкі тәркіленді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Мұрат Өкшебаевтан 4 пәтер мен жер телімі тәркіленді. Бұған дейін шенеунікке өзгенің мүлкін заңсыз иеленді деген айыптың тағылғаны хабарланған болатын, ол екі айға қамауға алынды.

Еске сала кетейік, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Метрополитен" КМК экс-директоры, Алматы мәслихатының депутаты Мұрат Өкшебаевты өткен аптада ұстады. Алайда бұл 28 шілде күні ғана белгілі болды. Айта кетейік, 2009 жылы Өкшебаев 120 миллион теңгені мақсатсыз жұмсағаны үшін әріптестерімен бірге үй қамауына алынған болатын. Алайда кейін Өкшебаев босатылып, жұмысына оралды. Соңғы кездері ол қала мәслихатының депутаты болып қызмет етті.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети