03 сәуір 2020 15:27

Алматы облысында 42 500 теңге үшін кезекте қысылысқандардың жанжалы видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Шамалған станциясында жергілікті тұрғындар 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алуға кезекке тұрғанда жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Шамалған станциясында жергілікті тұрғындар 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алуға кезекке тұрғанда жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі бұл оқиғаның 2 сәуірде болғанын айтты.

"Әкімнің тапсырмасы бойынша халықтан құжат қабылдайтын қосымша учаскелер ашылды. Бүгінде ондай кезек жоқ", - деді ведомсто өкілдері.

Әкімдіктегілер Egov.kz сайты істен шыққандықтан осындай ұзын-сонар кезек пайда болғанын айтады.

42 500 теңгені электрон қолтаңбасыз қалай алуға болады? Көрсетеміз

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети