15 наурыз 2017 16:46

Алматы облысында алаяқтар зейнеткерлерді ескі купюралармен алдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері деп таныстырған алаяқтар зейнеткерлерге 1 000 теңгелік банкноттарды ауыстыруды ұсынып, алдап жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері деп таныстырған алаяқтар зейнеткерлерге 1 000 теңгелік банкноттарды ауыстыруды ұсынып, алдап жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, өңірлік полиция алаяқтық деректерін анықтауға бағытталған іс-шараларды айтарлықтай күшейтті. Соңғы тәуліктің өзінде полицейлер бес алаяқты ұстаған. "Құрметті Алматы облысының тұрғындары, абай болыңыздар. Өздерін мемлекеттік қызметкерміз деп таныстырған адамдар сіздерге ақшаны ауыстырып беретіндерін немесе басқа да күмәнді ұсыныстар айтса, сенбеңіздер. Қандай да бір күдік туған жағдайда полицейлерге хабар беріңіз", - деді полициядағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін 1 наурыздан бастап 2006 жылғы 1000 теңгелік банкноттардың айналымнан шыққаны туралы хабарланған болатын. "Одан кейін 12 ай ішінде - 2017 жылғы 1 наурыз - 2018 жылғы 28 ақпан аралығында қоса алғанда көрсетілген банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады.ҚР Ұлттық банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қабылданады. Ұлттық Банк филиалдары бұл банкноттарды комиссия алмай айырбастайды. Бұл ретте Ұлттық Банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста екендігін хабарлайды", - деген еді банктің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети