07 қазан 2014 16:15

Алматы облысында апатты жағдайда қонған ұшақтың жолаушысы зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Socata TB-10. ©aopa.org Socata TB-10. ©aopa.org

Алматы облысында бірмоторлы ұшақ апатты жағдайда қонды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ұйғыр ауданы прокуратурасының мамандары хабарлады. Ұшақ 5 қазан күні сағат 16.00 шамасында Алматы - Көкпекті - Қалжат тас жолына оқыс қонған. 


Алматы облысында бірмоторлы ұшақ апатты жағдайда қонды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ұйғыр ауданы прокуратурасының мамандары хабарлады. Ұшақ 5 қазан күні сағат 16.00 шамасында Алматы - Көкпекті - Қалжат тас жолына оқыс қонған. 

Socata TB-10 ұшағы ұшар кезде қажетті биіктікке көтеріле алмаған. Ұшақтың оқыс қонуынан бір адам - Алматы тұрғыны зардап шекті. Аяғы сынған ол Ұйғыр ауданы ауруханасына жатқызылды. Қалған адамдар ауруханаға жатудан бас тартты. Ұшақта пилотты қосқанда барлығы төрт адам болған. 

"В.П.Потехиннің (пилот - Ред.) түсіндіруіне қарағанда, сағат 11.00-да ол үш жолаушымен бірге Ұйғыр ауданындағы "Өмір Су" демалыс аймағына ұшып келген. 16.00-да ұшар кезде автожолдың Алматы бағытында қарама-қарсы келе жатқан көлікті көріп, соқтығыспау үшін автожолдың оң жағына маневр жасайды, сол кезде ұшақтың құйрығы мен оң жақ қанаты зақымданды. Ұшақ өртенген жоқ", - деді прокуратура өкілдері.

Бұған дейін Самарадан Иранға ұшып бара жатып, Қазақстан аумағымен өткен ұшақтың Каспий теңізінде апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғаны хабарланған еді. Маңғыстау облыстық ТЖД мамандарының мәліметінше, 8 тамыз күні сағат 14.50-де Маңғыстау облысының аэронавигация диспетчерлерінен екі пилоты бар жеңіл моторлы ұшақтың теңізге апатты жағдайда қонғаны туралы хабар келіп түседі. Пилоттарды құтқаруға "Егемен" күзет кемесі аттанды, Атырау әуежайынан үш құтқарушысы, экипаждың екі мүшесі бар "Ми-8" тікұшағы да жіберілді. Пилоттар құтқарылды, төтенше оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети