17 ақпан 2015 16:28

Алматы облысында әскери бөлімнің бұрынғы командирі өз-өзіне қол жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Popgun.ru ©Popgun.ru

Алматы облысында № 55065 әскери бөлімінің бұрынғы командирі Абай Мырзабеков өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға Алматы облысындағы Боралдай ауылында болды.


Алматы облысында № 55065 әскери бөлімінің бұрынғы командирі Абай Мырзабеков өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға Алматы облысындағы Боралдай ауылында болды.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері бұрынғы әскеридің өзін-өзі өлтіру ісін ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы мен әскери прокуратура басқармасының қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы тергеп жатқанын айтты. "Марқұм өлер алдында хат қалдырған, оның мазмұны тергеудің мүддесіне байланысты айтылмайды. Бұрынғы әскеридің өлімі жайлы ақпарат тергеу шаралары аяқталғаннан кейін жария етіледі", - деді баспасөз өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында армияда елді дүрліктірген суицид оқиғасы болған еді. Өткен жылдың қараша айында борышын өтеп жатқан 22 жастағы ер адам Қапшағайда табылды. Ол асылып қалған. Өлер алдында оның 8 несие алғаны анықталды. Әскери келісімшарт бойынша десант-штурм бригадасында қызметін өтеген. Бұған дейін ол Отарда қызмет өтеп, әскерде қалуға бел буады. Қапшағайдағы әскери бөлімде ол үш ай қызмет еткен. Әскери бөлімнің командирінің орынбасары Талған Өзехан осы оқиғаға пікір білдіре отырып, марқұмның құмар ойындармен әуестенгенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети