27 қаңтар 2016 23:18

Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақты іздеуге ауа райының қолайсыздығы кедергі болып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақтың ауданында қар жауып, көру мүмкіндігі нашарлады, - деп хабарайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.


Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақтың ауданында қар жауып, көру мүмкіндігі нашарлады, - деп хабарайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарына ҚР Ішкі істер министрлігінің 300 адамы кірісіп, 50 дана техника тартылған. Өз кезегінде Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттегілер бортпен байланыс Астана уақыты бойынша 16.55-те жоғалғанын хабарлады. Борт белгіленген уақытта пунктке келмеген. Пунктке келу уақыты 17.10. ТЖД мәліметінше, бортта 1967 жылғы пилот Виталий Кондратюк, гаметолог дәрігер және фельдшер болған.   

Сонымен қатар, оқиға орнына Алматы облыстық ТЖД басшысы азаматтық қорғаныс полковнигі Битаевтың басшылығымен жедел топтың құрамымен іздеу тобы аттанды. 

Осыған дейін Алматы облысында тікұшақтың жоғалып кеткені жайлы хабарланған еді. Комитет өкілдері 27 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети