29 наурыз 2014 14:09

Алматы облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Алматы - Өскемен тас жолында болған көлік апатынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы - Өскемен тас жолында болған көлік апатынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 28 наурыз күні кешкісін Көксу ауданындағы Айнабұлақ елді мекені маңында, аталған республикалық автожолдың 202-шақырымында болды. Mercedes көлігі Mitsubishi Lancer-мен соғысқан. "Көліктер бетпе-бет соғылған. Екі автокөліктің жүргізушісі мен (1949 және 1964 жылы туған) Mercedes-тің 1967 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Қалған екі жолаушы түрлі дене жарақатымен Балпық би елді мекеніндегі орталық аудандық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша Mitsubishi Lancer жүргізушісі солтүстік бағытпен келе жатып, бұрылыста көлікті басқара алмай қарсы бағытқа шығып кеткен. Полиция тергеуалды тексеріс жүргізіп жатыр. Еске сала кетейік, 16 қаңтарда Алматы - Қорғас тас жолында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, екі адамның өліміне себеп болған еді. Ол кезде Mitsubishi Diamante жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, апатқа жол берген болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети