Алматы облысында тас жолда ер адам мен нәресте қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында тас жолда ер адам мен нәресте қаза тапты видеодан үзінді

Алматы облысының Алакөл ауданында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысының Алакөл ауданында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қар басқан тас жолда Көлбай және Қойлық ауылдарының ортасында Toyota және Audi көліктері соғысқан. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты салдарынан Audi көлігінің алдыңғы орындығында отырған жолаушы ер адам қаза тапқан. Бірнеше уақыт өткенде анасы бауырына басқан нәресте қайтыс болған. 

"Біз жедел әрекет ету қызметіне хабарласа алмадық. Талдқорғандағы таныстарымызға қоңырау шалып, осында жедел жәрдем жіберуін сұрадық", - дейді оқиғаның куәгері. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.99  course down  582.69  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети