02 мамыр 2017 13:03

Алматы облысындағы "крышасы бар" қыз жазаланбайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жол апатында зардап шеккендерді "крышасымен" қорқытқан қызды ешкім жазаламайды. Бұл туралы облыстық ІІД өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында жол апатында зардап шеккендерді "крышасымен" қорқытқан қызды ешкім жазаламайды. Бұл туралы облыстық ІІД өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, қызға қатысты ешқандай арыз түскен жоқ. "Біздің тараптан оны жазалауға ешқандай негіз жоқ, әкімдік өздері шешсін. Біз оны жазалай алмаймыз, себебі ол кешірім сұрады. Қыздың үстінен арыз түскен жоқ. Ал жүргізуші әкімшілік айыппұл төлейді", - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын "әкімдік қызметкерінің" жол апатында зардап шеккендерді "крышасымен" қорқытқаны түсірілген видео пайда болған еді. "Ой, б..., басқа табыс көзім жоқ дейсіздер ме? Әрқайсымыздың "крышамыз" бар. Барлығыңыз осыны түсінуіңіз керек. Ал өлгенде ғана әрекетіміз үшін жауап береміз", - деп мәлімдеген еді қыз. Сондай-ақ, ол өзін әкімдіктің қызметкерімін деп таныстарған болатын.

Ал кеше, 1 мамырда полицейлер "крышасы бар" "әкімдіктің қызметкерін" ұстаған болатын. Аудан әкімі аппаратының басшысы Ахмет Ашимахун осы оқиғадан кейін бөлімдерде және бөлімшелерде кадрлық тексерістердің жүргізілгенін, бірақ бұл қыздың қызметкерлердің тізімінде жоқ екенін айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети